Қазақстан жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы: Англияға қарсы кездесуге ерекше дайындаламыз

06.06.2025, 12:40

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов Андорраға қарсы өткен кездесуді  қортындылап, жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы: Англияға қарсы кездесуге ерекше дайындаламыз
Денис Мамонов

Кеше U-21 командасы андорралық қарсыласын қабылдап, 1:0-мен басым түскен. Қазақстанға жеңіс сыйлаған голдың авторы Олжас Байбек. 

«Ойын барысында команда физикалық жағынан сәл шаршап қалды. Есеп те қысым жасады. 1:0 есебімен алда келе жатқанда, ойынды жеңілдетуге тырысасың. Мұндай сәттерді қарсылас пайдаланып, алға ұмтылады. Ал бізге допсыз ойнауға, допты тартып алуға көп күш жұмсауға тура келеді.

Ең бастысы – жеңіске жеттік. Бұл нәтиже жігіттерге психологиялық жағынан сенім береді. Енді бізді Англиямен болатын ауыр ойын күтіп тұр. Қыркүйекте өтетін сол матчқа жанкүйерлер бұрынғыдан да көп келеді деп үміттенеміз. Англияға қарсы кездесуге ерекше дайындаламыз», – деді Д. Мамонов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×