«Тараз» басшылығы маңызды сауалдарға жауап берді

06.06.2025, 16:54

«Тараз» кәсіпқой футбол клубының басшысы Серік Молдагаиров пен бас менеджер Мұрат Агибаев клуб қызметкерлері мен бірқатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен мәслихат өткізіп, сауалдарға жауап берді.

«Тараз» басшылығы маңызды сауалдарға жауап берді
«Тараз» ФК баспасөз-мәслихаты

Серік Алпысбайұлы биылғы жылдың соңына дейін бірнеше маусымнан бері жинақталған қарызды толық жабуды көздейтінін мәлімдеді. Жеке инвестор тарту арқылы тығырықтан шығудың жолын қарастыру жоспарланған. 

Бас менеджер Мұрат Жұмақожаұлы команданы жаңа дейгейге көтеру мәселесі туралы айтты. Өз сөзінде футбол орталығы тәрбиеленушілерін толық спорттық жабдықтармен (спорттық жаттығу және ойын  жейделері, спортивка, сөмке және т.б.) қамтамасыз етілетінін, сонымен қатар Тараздан шыққан мықты футболшыларды командаға қайта шақырып, премьер лигаға шығу мақсатын орындау, қысты күні жаттығатын манеж соғу секілді бастамалар жайлы баяндады. 

Сонымен қатар, клуб ішіндегі кадрлық ауыс-түйістер мен өзге де жоспарлар жөнінде әңгімеледі. Көпшілік тарапынан туындаған кез келген сауалға жауап беруге ашық екендігін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×