
Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов танымал спорт журналисі, комментатор Ербол Қайыровқа көлемді сұқбат беріп, мансабы жайлы қызықты мәліметтерімен бөлісті.
«Иә, дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін. Өз арманыма асықпай, әртүрлі кезеңнен өтіп жеткім келеді. Бірден Еуропаға кету қиынырақ болар еді. Тіл жағынан да, ойын стилі жағынан да Қазақстаннан қатты ерекшеленеді. Сондықтан да дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін. Қазір ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Легионерлермен сөйлесіп, практика жүзінде дайындаламын. Ұлттық құрамада Рамазан Оразов ағылшынша жақсы сөйлейді. Маған да осы тілді үйренуге кеңес берді. Үйренуге тырысып жатырмын.
ТОП-5 чемпионатта ойнау менің ғана емес, кез-келген футболшының арманы. Бәрі тек өзіме байланысты», - деді М. Самородов Candidate_Kairov телеграм-арнасына.
Максим Самородов РПЛ-24/25-маусымында 22 ойында 5 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 6 матчта екі рет мергендік танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET