Ламин Ямаль: «Алтын доп» таңертең оянуға мотивация береді»

06.06.2025, 17:03

Испания құрамасы және «Барселона» клубының шабуылшысы Ламин Ямаль Францияға қарсы өткен Ұлттар лигасының жартылай финалынан (5:4) кейін «Алтын допты» жеңіп алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

Ламин Ямаль: «Алтын доп» таңертең оянуға мотивация береді»

«Мен әрдайым анама айтып жүремін: "Алтын доп – мені таңертең ұйқыдан тұрғызып, футбол ойнауға ынталандыратын мақсатым". Бірақ бәрінен маңыздысы – алаңдағы әрекет. Дембеле ме? Ол керемет ойыншы, бірақ финалға біз шықтық», — деп келтіреді Ямалдың сөзін Mundo Deportivo басылымы.

Қазіргі таңда бірқатар беделді спорт басылымдары Ламин Ямальды және Франция құрамасы мен ПСЖ ойыншысы Усман Дембелені маусымның үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткерлердің қатарында деп атап көрсетуде.

Айта кетейік, аталған марапаттың қазіргі иегері – Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×