«Қазақтар баяу қимылдады..» Беларусиялық футболшы Қазақстан құрамасын жер қылды

06.06.2025, 17:50

«Арсенал», «Барселонада» өнер көрсеткен Беларусь құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глеб Беларусь - Қазақстан кездесуін қортындылап, пікірімен бөлісті.

«Қазақтар баяу қимылдады..» Беларусиялық футболшы Қазақстан құрамасын жер қылды
Максим Самородов

Кеше Әли Әлиев жаттықтыратын ұлттық команда Минскіде Беларусьтен есе жіберді 1:4. 

«Беларусь құрамасы ойыннан ойынға ілгерілеп келеді. Өткен цикл оның дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетті. Бір қуантатыны: команда сенімді және жинақы әрекет етіп, қорғаныстан шабуылға жылдам көшуде. Бұл жаттықтырушылар штабының арқасы – (Карлос) Алос жақсы микроклимат құра білді, сондықтан жігіттер 100 пайызға барын салып ойнауда.

Қазақстанға қарсы ойында мұншалықты оңай болады деп күтпеген едім. Жігіттер үйлескен түрде әрекет етіп, прессинг арқылы қарсыласын қарапайым сәттерде қателесуге мәжбүр етті. Бұл қателіктерді есепке алмағанның өзінде, қазақтар баяу қимылдады, жиі артқа пас беріп, доппен ұзақ жүрді. Сол әрекетімен-ақ біздің командаға қорғанысқа қайтып оралуға мүмкіндік берді», - деді А.Глеб «BorodAbata.kz» сайтына берген сұқбатында. 

Енді ел құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуі аясында Солтүстік Македония командасымен ойнайды. Бұл бәсеке 9-маусымға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×