
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Түркістандық «Тұран» клубының айналасындағы қаржылық қиындықтарға қатысты пікір білдірді.
Түркістан облысындағы Бірінші және Екінші лигадағы төрт-бес клуб жабылуы мүмкін. Бұл шешім «Тұран» футбол клубын сақтап қалу мақсатында қабылданғалы жатыр.
— Қазіргі таңда «Түркістан», «Мақтаарал», «Арыс» сияқты командалар кәсіпкерлерге қызық емес. Ал әкімдікке бірнеше клубты қаржыландыру тиімсіз. Менің ойымша, облыс әкімі бұл клубтарды жабуға тікелей мүдделі, — деді Құрман өз YouTube-арнасында.
Айта кетейік, жеті турдан кейін Түркістанның «Тұран» командасы ҚПЛ турнирлік кестесінде сегіз ұпаймен сегізінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET