“Арсенал” трофейсіз қалды

09.05.2025, 08:00

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалының екінші матчында “Арсенал” сырт алаңда "Париж Сен-Жерменге" 1:2 есебімен жеңіліп, қос ойын қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жарыстан шығып қалды. Осылайша, Лондондық клуб маусымды бірде-бір жүлдесіз аяқтайтын болды.

“Арсенал” трофейсіз қалды

Англия Кубогында “Арсенал” үшінші кезеңде “Манчестер Юнайтедтен” пенальти сериясында жеңіліп, жарыспен ерте қоштасқан.

Ал, Ағылшын лигасының Кубогында олар жартылай финалға дейін жетіп, болашақ чемпион “Ньюкаслдан” жеңіліп қалды.

Премьер лигада болса, чемпиондықты “Ливерпуль” алдын ала қамтамасыз етіп қойған,“Арсенал” әзірге тіптен үздік бестікке енуге де толық кепілдік алған жоқ.

“Зеңбірекшілер” тарихында үшінші рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті, бірақ финалға өту арманы тағы да жүзеге аспады.

Осылайша, “Арсенал” биыл барлық жарыста жүлдесіз қалды және маусым олар үшін көңіл көншітпейтін нәтижемен аяқталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×