Бахтиер Зайнутдиновтің жарақаты қаншалықты ауыр? Жартылай қорғаушының жағдайы шынымен қиын ба? Түркиялық мамандардың айтқаны

09.05.2025, 15:15

Түркиялық танымал басылымның бірі «Бешикташтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің жарақаты жайлы материал жазыпты. 

Бахтиер Зайнутдиновтің жарақаты қаншалықты ауыр? Жартылай қорғаушының жағдайы шынымен қиын ба? Түркиялық мамандардың айтқаны
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

«Зайнутдиновтің жағдайы шынымен күрделі, оған тіпті жүгіруге тыйым салынған. Егер ол жүгірсе, сіңірінде ісік пайда болуы мүмкін. Сондықтан, футболшы әзірге жаттығуға қатысып жүрген жоқ, әрі оны емдеуге қатысты әлі де зерттеуді қажет ететін жайттар бар», – делінген «Fotospor» басылымының мақаласында. 

Осы маусымда Бахтиер Зайнутдинов стамбулдық клуб сапында 12 матчқа қатысып, бір ассисттің авторы атанды.  Қазақстан құрамасының футболшысы «Бешикташ» жейдесінде соңғы рет қаңтарда өнер көрсеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×