
Бүгін Қайрат Нұрдәулетов павлодарлық клубпен қош айтысқаны жайлы тосыннан мәлімдеме жасаған болатын.
Отандық маман мен «Ертіс» аяқ-астынан келісімшартты үзу жөнінде мәмілеге келіпті. Бірінші лигадағы ойыны жемісті ұжым неге мұндай қадамға барды? Жуырда ғана павлодарлық клубпен ҚПЛ-ге шығуды көздейтінін айтып, ағынан жарылған жаттықтырушының астынан су шықты ма?
Қазір бұл жағдайдан түрлі астар іздеуде. Мысал үшін,«GOAL KZ» телеграмм-арнасы Қайрат Жұмабекұлы мен клуб басшылығындағы бір шенеуніктің арасында конфликт туындағанын алға тартады.
«Сөйтсе, барлығына кінәлі Тамерлан Агиманов дейтін жас футболшы екен. Ол жарақат алып, жазылып шыққан соң, бірнеше ойынға қатыса алмалы. Сөйтіп, кеше Қайрат Нұрдәулетов футболшыны құрамға қоспай тастаған болатын. Ал бұл футболшының әкесіне «Ертіске» басшылық ететін лауазымды тұлғаның біріне ұнамай қалса керек.
Клубтың бейресми президенті Нұрдәулетовке мұнысының дұрыс болмағанын айтқан. Ал Қайрат Жұмабекұлы команда құрамына байланысты өзгелердің бұйрығына мойынсұнатын бапкер емес. Нәтижесінде, қазақстандық маман кетуді ұйғарыпты. Қазірдің өзінде оның ҚПЛ клубының бірінен түскен ұсынысы бар», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында.
Қайрат Нұрдәулетов Бірінші лига-2025-те «Ертіспен» бес ойында 4 рет жеңіске жетіп, бір мәрте ұпай бөліскен «Шахтермен» 0:0. Айта кетейік, біраз БАҚ-та 42 жастағы маман «Ақтөбені» тізгіндеуі мүмкін деген деген ақпараттар тараған. Алайда, қос тарап бұл туралы тіс жарған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET