
«Ақтөбе» футболшылары
Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, алдағы дүйсенбіде Швейцариялық компания мен «Ақтөбе» басшылығының қатысуымен келіссөз отырысы өтеді.
Жиын барысында қос тарап ұзақ уақыттағы серіктестік тақырыбын талқыламақ. Инсайдтық мәліметке сай, барлығы ойдағыдай болса, Еуропалық алпауыт компания ақтөбелік командаға демеуші атанып қалуы мүмкін.
Айта кетейік, ҚПЛ-2025-те жеті турдан кейін «Ақтөбе» 3-орында келеді. Вячеслав Левчук тізгіндейтін ұжымның еншісінде 16 ұпай. Турнирлік кестеде 20 ұпаймен «Қайрат» көш бастаса, екінші «Астана».
Біздің серіктес: FONBET