
“Байер Леверкузеннің” бас бапкері Хаби Алонсо Боруссия Дортмундпен болатын маңызды ойын алдындағы баспасөз мәслихатында маусым соңында клубтан кететінін ресми түрде жариялады.
"Клуб басшылығымен ақылдасып, алдағы екі ойын менің “Байер Леверкузендегі” соңғы матчтарым болатынына келістік.” – деді ол.
Хаби Алонсоның "Леверкузендегі" жетістіктері:
Бас бапкер қызметіне 2022 жылдың қазан айында келген, жалпы 139 матч өткізіп, оның 89-ында жеңіске жеткен, 31 ойында тең нәтиже, 18 рет жеңілген. Жалпы жеңіс пайызы – 64.4%.
Осы мерзімде Бундеслига чемпионы, Германия кубогы (DFB-Pokal) мен Германия Суперкубогын жеңіп алды.
Алонсо қайда барады?
Трансфер саласының беделді инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше, Алонсоның “Реал Мадридтің” жаңа бас бапкері атанады.
Келісімшарттар дайын тұр. “Байер Леверкузен” оның кетуіне қарсы емес, және жаңа бапкер іздеуді бастап кеткен.
Біздің серіктес: FONBET