
Қуаныш Кабдолов
Қуаныш Кабдолов «Атырау» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Бұл туралы Тотальный Футбол kz телеграмм-арнасы мәлімдеді.
Қуаныш Кабдолов осыған дейін «Каспий» және «Тұранды» тізгіндеген болатын. Ақтаулық команда былтыр қазақстандық маманның жаттықтыруымен Бірінші лигада үздік үштікті түйіндеді.
«Атырау» осы аптада бас бапкерсіз қалған. Константин Горовенко қызметінен босатылған соң оның орнын тағы бір отандық маман басып отыр.
Біздің серіктес: FONBET