ҚПЛ жеңімпазы? Белгілі бапкердің пікірі

22.04.2025, 15:52

«Елімай» бас бапкері Андрей Карпович «Жеңіспен» болған ойын туралы пікірін айтып, елордалық клубтың өнерін бағалады.

ҚПЛ жеңімпазы? Белгілі бапкердің пікірі
Андрей Карпович

«Өте маңызды жеңіс пен үш ұпай. Алға жылжимыз. «Жеңіс» биыл барлық командаға «мәселе» болайын деп тұр. Бұл қазірдің өзінде байқалады, бәрі түсінікті. Бұл жерде «Тобыл» ұпай жоғалтты, басқалары да сондай жағдайға тап болған еді», - деді А. Карпович. 

ҚПЛ-дің 5-турында «Елімай» мен «Жеңіс» жолығып, семейліктер матч соңында жеңісті жұлып алған болатын. Елордалық клуб 4 ұпаймен 10-сатыда, ал «Елімайдың» қоржынында 10 ұпай. Андрей Карпович жаттықтыратын семейлік ұжым 5-орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×