
Килиан Мбаппе бүгін Реал Мадридпен бірге жаттығуға қайта оралды. Ол Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Арсеналға" қарсы қарымта матчта оң жақ тобығынан жарақат алған болатын.
Мбаппенің жарақаты жеңіл деп бағаланып, дәрігерлер оның тез арада қалпына келетінін мәлімдеген еді. Осылайша, ол 26 сәуірде өтетін "Барселонаға” қарсы Испания кубогының финалында ойнауға дайын деп күтілуде. "Реал Мадридтің" бас бапкері Карло Анчелотти Мбаппе мен басқа да жарақат алған ойыншылардың жағдайын ескере отырып, соңғы шешімді қабылдайды.
Мбаппе осы маусымда "Реал Мадрид” сапында әзірше 33 голмен командаластарының көшін бастап тұр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET