Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйлық "Ахматтың" 23 жастағы шабуылшысы Максим Самородов CIES нұсқасы бойынша Ресей чемпионатының ең бағалы ойыншыларының ондығына кірді. Оның трансферлік құны 3,5 – 4,1 млн еуроға бағаланып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
РПЛ-дің ең қымбат 10 ойыншысы:
РПЛ-дің ең қымбат 10 ойыншысы:
1. Алексей Батраков ("Локомотив") — 29–33 млн €
2. Педро Энрике ("Зенит") — 28–32 млн €
3. Матвей Кисляк ("ЦСКА") — 27–31 млн €
4. Эдуард Сперцян ("Краснодар") — 15–18 млн €
5. Константин Тюкавин ("Динамо") — 15–18 млн €
6. Манфред Угальде ("Спартак") — 9–11 млн €
7. Велдин Ходжа ("Рубин") — 5,2–6,1 млн €
8. Дмитрий Пестряков ("Акрон") — 5,2–6 млн €
9. Браян Хиль ("Балтика") — 4,3–5 млн €
10. Максим Самородов ("Ахмат") — 3,5–4,1 млн €
Отандасымыз 2025/26 маусымында 34 матчта алаңға шығып, 5 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Оның “Ахматпен” келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.