Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы футболшысы Максим Деменко "Ахмат" жартылай қорғаушысы Максим Самородовтың "Қызыл-Ақтар" сапына ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ардагер футболшының айтуынша, қазіргі жағдайда Ресей клубтары үшін Қазақстандық футболшының легионер саналмауы үлкен рөл атқарады.
“Самородов "Ахматтан" кететін болса, бұл Грозныйлықтар үшін үлкен жоғалту болады."
Сондай-ақ, Деменко "Спартак” секілді топ клубтардағы бәсекелестіктің жоғары екенін ескертіп, Самородовқа оңай болмайтынын жеткізді.
"Футболшыларды өзіне тарту үшін оларға үлкен ақша төлеу керек, ал бізде бұған тек "Спартак" пен "Зениттің" ғана қауқары жетеді. Егер "Спартак" бапкері оған қызығушылық танытып отырса, демек, бұл позицияны күшейту қажет екенін түсінеді. "Ахматта" Самородов көп нәрсені дәлелдеді. Алайда ол "Спартак" үшін бірден үлкен күшею болады және негізгі құрамға кіреді деген кепілдік жоқ.” — деді маман Советский Спорт басылымына.