Қазақстандық шабуылшы үшінгі таласқа Украиналық клуб қосылды

Бүгін, 13:47

“Ақтөбе” клубының 17 жасар шабуылшысы Виталий Латурнус мансабын Украина Премьер лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық шабуылшы үшінгі таласқа Украиналық клуб қосылды

Басқа да Еуропалық клубтармен қатар, Украина футболының алпауыттары да Қазақстандық талантты өз қатарларына қосуға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Инсайды от Пасечника 2.0 телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта УПЛ клубтары трансфер бойынша нақты қадамдар жасауға ең жақын тұрған ұжымдар болып есептеледі. 

Еуропаның топ чемпионаттарынан түскен қызығушылықтар әлі де бақылау деңгейінде болса, Украина Премьер лигасының командалары трансферді шұғыл аяқтауға бекінген.

Украина футболының басты байлығы саналатын Еурокубок тұрақты қатысушылары жас форвардтың трансферлік құқын иелену үшін “Ақтөбе” басшылығымен жасырын байланыстар орнатуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×