Қазақстандықтарға РПЛ есігі жабылмайды – Футболшыларға қауіп жоқ

14.04.2026, 19:45

Ресей Премьер игасындағы жаңа лимит төңірегіндегі әңгіменің қызған шағында Қазақстандық жанкүйерді алаңдатқан басты сұраққа жауап табылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандықтарға РПЛ есігі жабылмайды – Футболшыларға қауіп жоқ

Инсайдер Иван Карповтың мәліметіне сүйенсек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің футболшыларына бұл өзгеріс әсер етпейді. Яғни Қазақстандық ойыншылар РПЛ-де бұрынғыдай легионер саналмай, еңбек ету құқығы бойынша шектеуге түспеуі тиіс. Бірақ бұл әзірге ресми бекітілген соңғы регламент емес, жарияланған инсайд пен талқыланып жатқан өзгеріс туралы ақпарат.  

Мәліметтерге қарағанда, Ресей Спорт министрлігі легионерлер лимитін кезең-кезеңімен қатаңдататын жобаны ұсынған. Sports.kz келтірген дерек бойынша, 2026/27 маусымынан бастап “12+7” формуласы енгізілуі мүмкін: клуб өтініміне ең көбі 12 шетелдік ойыншы тіркеп, бір мезетте алаңға жетеуден артық шығара алмайды. Кейін бұл шек тағы да төмендетілуі ықтимал. Алайда дәл осы өзгерістер ЕАЭО елдерінің азаматтарына таралмайтыны айтылып отыр.  

Сондықтан РПЛ-де жүрген біздің футболшылардың мәртебесі сақталуы ықтимал. Қазір Ресей чемпионатында Қазақстан атынан бірнеше ойыншы өнер көрсетуде. Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек “Ахмат”, Нұралы Әліп “Зенит", және Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің “Динамосында” өнер көрсетіп жүр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×