
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың жағдайына қатысты ойын ортаға салды.
Отандық маман футболшының ойын тәжірибесінің аздығына байланысты негізгі құрамға ілікпей жүргенін алға тартқан. Алайда, жақында ғана Оразовтың өзі жағдайының жақсы екенін айтып, мәлімдеме жасаған болатын.
«Құраманың соңғы тізімін жарияламас бұрын Рамазан Оразовқа хабарластым. Жағдайды түсіндіріп: «Рамазан, сенде қазір ойын тәжірибесі жоқ. Бірінші циклде де болған жоқ, бірақ сонда да шақырдық. Ол бізбен бірге Анталиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып, алаңға да шықты. Сол матчтан кейін мен оған қайта хабарласып: «Рамазан, сенің басты артықшылығың – физикалық даярлық пен агрессивті ойын. Бірақ бабыңда болмасаң, онда бәсекеге де қабілетті бола алмайсың», – дедім. Арамызда ешқандай құпия немесе мәселе жоқ. Тіпті біз оған клуб таңдау мәселесінде де көмек ұсындық. Ол алаңға жиірек шығып, бабына оралған соң, құраманы кеңейтеміз», – деді Ә. Әлиев.
Рамазан Оразов Дания Суперлигасының 2024/25-жылғы маусымында 13 ойында 2 голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушы «Силькеборг» сапында былтырғы жылдың жазынан доп тебеді. Даниялық клубпен келісімшарты 2027-жылдың 30-маусымында дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET