Сонымен Еркебұлан Сейдахмет Түркия чемпионатына ауыса ма? Футболшының өзі шындықты айтты

09.06.2025, 12:57

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахметке Еуропалық лига мен тағы шетелдік бірнеше чемпионаттан ұсыныс түскені жайлы ақпарат тараған.

Сонымен Еркебұлан Сейдахмет Түркия чемпионатына ауыса ма? Футболшының өзі шындықты айтты
Еркебұлан Сейдахмет

Атап айтсақ, Қатар, Польша мен түркиялық клубтар құда түскен көрінеді, бірақ футболшының өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

«Әзірше мен ештеңе білмеймін. Мүмкін, директорымыз білетін шығар, ол жағынан ешқандай хабарым жоқ. Қазір барлық ойым «Ақтөбемен» байланысты», - деді футболшының өзі Legalbet.kz-ке берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, танымал спорт комментаторы, ҚФФ баспасөз-қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен Тараз футболының түлегіне біраз лигадан қызығушылық барын, тіпті ұсыныс түскенін тілге тиек еткен болатын.   

«Еркебұлан Сейдахметке Қатар жоғарғы лигасы мен Түрік бірінші лигасы және поляк Экстраклассасының клубтарынан ұсыныс болды. Жаздық трансферлік терезе ашылған уақытта ауысып кетуі мүмкін», - деген спорт журналисі «ЖБ шоу» ютуб бағдарламасында.

Еркебұлан Сейдахмет биылғы маусымда ҚПЛ-де 7 ойынға қатысып 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. «Ақтөбемен» келісімшарты осы жылдың аяғына дейін жарамды. 25 жасар жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 300 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×