
Бүгін 19:00-де Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияны қабылдайды.
2 жылдай уақыттан кейінгі ойын
Қазақстан құрамасы соңғы рет «Астана Арена» стадионында 2023 жылдың 17 қарашасында, ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінде Сан-Мариномен кездесіп, 3:1 есебімен басым түскен еді. Сол ойынды 30 100 жанкүйер тамашалап, ел тарихындағы жаңа рекорд тіркелген болатын. Одан кейін стадион жөндеу жұмыстарына жабылып, тек 2025 жылдың 22 ақпанында ғана Қазақстан Суперкубогын қайта қабылдады.
3 есе қымбат қарсылас
Transfermarkt сайтының мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Македонияның құрамы 36,38 млн еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншысы, Италияның «Торино» клубында доп тебетін Элиф Элмастың бағасы 14 млн еуроға бағаланған. Салыстырмалы түрде Қазақстанның жалпы құрамы 13,33 млн еуро деп көрсетілген.
Шабуыл шебінде Боян Миовский («Жирона», Испания), қақпашысы Столе Дмитревски Испанияның «Валенсия» клубында өнер көрсетеді. Капитаны, жартылай қорғаушы Энис Барди (3,7 млн еуро) де айтарлықтай қауіп төндіреді.
Статистика не дейді?
Солтүстік Македония соңғы рет 2024 жылдың 10 маусымында есе жіберген. Одан бері 6 жеңіс және 3 тең көрсеткіш тіркеген. Былтыр Ұлттар лигасының С дивизионында Армения, Латвия, Фарер аралдарымен түсіп, өз тобында 1-орын алды. Биыл Уэльс пен Бельгиямен тең түсіп, Лихтенштейнмен тең түсті. 2022 жылғы ӘЧ-на іріктеу барысында Германиядан кейінгі 2-орынға тұрақтады. Әлем чемпионатының соңғы плей-офф кезеңінде Португалияға 0:2 жол берді.
Командалар өзара кездескен бе?
2021 жылы Талғат Байсуфиновтың баптауымен қос құрама жолдастық ойын өткізді. Нәтижесінде Солтүстік Македония 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Сол кездегі құрамнан бүгін Мұхаммеджан Сейсен, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Сергей Малый, Еркін Тапалов шығуы мүмкін. Ал қарсыластар сапынан қақпашы Столе Дмитревски, Висар Муслю, Тихомир Костадинов, Элиф Элмас, Эгзиян Алиоски, Дарко Чурлинов болған.
Қандай мәселелері бар?
Қонақтардың басты мәселесі ретінде Астанаға дейін өз тарихындағы ең ұзақ 5 341 шақырым жол ұшып келді. Баспасөз жиынында жасанды алаңда көп ойнамағанын да айтып қалды. Бас бапкері Благоя Милевски Бельгиямен ойында қызыл қағаз алғандықтан, көмектеспейді.
Қазақстан сапынан Бактиер Зайнутдинов, Әлібек Қасым, Рамазан Оразов, Абат Айымбетов, Георгий Жуков (мүмкін), Айбар Жақсылықов, Рамазан Каримов сынды футболшылар түрлі себеппен қатыспайды.
Біздің серіктес: FONBET