Кейта мен Александр-Арнольд «Вулверхэмптонға» қарсы ойынға қатысуы мүмкін

Ван Дейк те жеке жаттығуларын бастап кетті.
Кейта мен Александр-Арнольд «Вулверхэмптонға» қарсы ойынға қатысуы мүмкін

"Ливерпульдің" ойыншылары Наби Кейта мен Трент Александер-Арнольд жарақатынан айығып, командалық жаттығуға кірісті. Қос ойыншы да 6 желтоқсанда Ағылшын Премьер Лигасының 11-туры аясында өтетін "Вулверхэмптонға" қарсы матчқа қатысуға ниетті.

Естеріңізге сала кетсек, Наби Кейта жасыл алаңда соңғы рет 22 қазан күні "Лестермен" (3:0) болған кездесуде шыққан еді. Ал Александр-Арнольд шамамен бәр айға жуық командасына көмектесе алмады.

Мерсисайдтық команда дәл қазіргі уақытта 21 ұпаймен турнирлік кестенің екінші сатысында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×