Патрик Виейра қызметінен кетті

05.12.2020, 16:21
Оның командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Патрик Виейра қызметінен кетті

"Ниццаның" бас бапкері Патрик Виейра қызметінен босатылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Француз командасының басшылығы бұл шешімді кеше қабылдады. Виейраның орнын оның көмекшісі Адриан Урсеа басты.

Виейра "Ниццаны" 2018 жылдың жазынан бастап жаттықтырды. Оған дейін ол "Нью-Йорк Сити" клубын баптады, сонымен қатар "Манчестер Ситидің" резервтік және жастар құрамаларында қызмет етті. Патрик футболшы ретінде "Канн", "Милан", "Арсенал", "Ювентус", "Интер" және "Манчестер Сити" клубтарының намысын қорғады.

11 турда 17 ұпайы бар "Ницца" Франция чемпионатының турнир кестесінде 11-ші орынға жайғасты. 3 желтоқсанда команда Еуропа лигасының 5-тур матчында "Байерден" жеңіліп (2:3), плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×