
Атырау қаласында жаңа стадион бой көтермек.
Бұл туралы Gooal.kz телеграмм-арнасы мәлімдеді.
«Бүгін министрліктен барлық рұқсат құжаттары келді және қазір ішкі басшылық пен қала әкімдігі құжаттарды мақұлдауда. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін стадионның құрылысын бастау жоспарлануда. Стадионның құрылысын шетелдік компаниялар қолға алмақ, бірақ жергілікті компаниялардың да қатысатыны белгілі. Дегенмен, қазақстандық компаниялардың нақты қай бөлікке жауапты болатыны әзірше анық емес. Стадион құрылысын 2026-жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі 25-30 сәуір аралығына белгіленіп отыр», - делінген телеграмм-арнасының хабарламасында.
Айта кетейік, қазір шаһар мен жалпы облыс намысын қорғайтын басты клуб «Атырау» «Мұнайшы» орталық алаңында өнер көрсетеді. ҚПЛ клубтарының бапкерлері мен футболшылары және әсіресе легионерлердің мұнайлы қаланың стадионына жиі сын тағатындығы мәлім.
Біздің серіктес: FONBET