«Кеншілер» де, «мұнайшылар» да жеңілді

02.02.2015, 21:51
«Кеншілер» де, «мұнайшылар» да жеңілді
Өткен жылғы маусымды сәтсіз жылдардың біріне қосатын қарағандылық «Шахтер» мен «Атырау» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жолдастық кездесу өткізіп, екеуі де жеңіліп қалды. Бұл жолы қазақстандықтарды жеңген – ресейлік және украиналық командалар. Қарағандылықтар Украинаның «Заря» клубымен күш сынасқан болатын. Украинаның Премьер-лигасында доп тебетін луганскілік команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Төреші көрсеткен он бір метрлік айып добының арқасында соға алды жалғыз голдарын. Өкінішке қарай, нүктеке келген Джаба Липартия мүлт кетпеді. Дәл осы ойынның «сценарийі» «Атырау» мен ресейлік «Шинник» арасындағы матчта да өрбіді. Олай дейтін себебіміз, бұл ойында да қазақстандық клуб жеңілді, бұл ойында да ойын тағдырын бір гол шешті және ол гол пенальтиден соғылды. 40-шы минутта Роман Войдель он бір метрлік соққыны дәл орындап, «Шинникке» жеңіс сыйлады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×