Испандық қақпашы Кепа Аррисабалага клубтың қақпашыны ауыстырғысы келетінін біледі, бірақ «Челсидің» бас бапкері Фрэнк Лэмпард қақпашыға соңғы мүмкіндік беретін ойы бар.
The Telegraph хабарлағандай, клубтың жаттықтырушылар құрамы маусымның қалған матчтарында өз қақпашыларын бағалауды жалғастырады.
Испандық келесі маусымды Стэмфорд Бриджде бастау үшін матчтардың қалған бөлігін сәтті өткізуі керек. Аррисабалага Фрэнк Лэмпардты жаңа қақпашыны сатып алудың қажеттілігі жоқ екеніне сендіруі керек.
Еске салайық, Кепа осы маусымда сүреңсіз ойын көрсетуде. 25 матчта өз қақпасына 32 гол жіберіп, 6 рет қана өз қақпасын құрғақ ұстаған.
Мұндай статистиканы ұнатпайтын "Челси" басшылығы Андре Онанаға қызығушылық танытуда.
Ернар Ламқадыров
Біздің серіктес: FONBET