Ұлттық құрама футболшысы РПЛ-ге ауысады

13.06.2020, 04:05
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының және «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Роман Муртазаев биыл жазғы трансфер уақытында Ресей премьер-лигасының клубтарының біріне ауысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды meta-ratings.kz.
Ұлттық құрама футболшысы РПЛ-ге ауысады

Бұл тамыз айынан бастап қазақстандық ойыншылардың Ресей чемпионатында легионер болып саналмайтындығына байланысты мүмкін болып отыр.

Қыста 26 жасар шабуылшы Туланың «Арсенал» футбол командасымен келіссөздер жүргізген. Бірақ соңғы сәтте екі тарап келісімге келе алмағаны белгілі болды. Сонымен қатар Муртазаевқа Самараның "Крылья Советов" және Қазан қаласының "Рубин" футбол клубтары қызығушылық танытқан. Енді Қазақстан чемпионаты қайта басталған соң тағы да біраз ресейлік клубтар оны бақылауға алады. Қазақстан премьер-лигасының ойындары тоқтағанға дейін Муртазаев екі ойынға қатысып, бір гол соққан. Сондай-ақ ол «Тобылдың» оқу-жаттығу жиындарында да гол салып жүрген болатын.

Роман Муртазаевтың Қостанай футбол клубымен жасаған келісім-шарты бойынша, егер де Ресей премьер-лигасының клубтарынан ұсыныс түссе, онда ол «Тобыл» командасынан бос агент ретінде кете алады. Муртазаев пен қостанайлық клуб арасында жасалған келісім-шарт 2020 жылдың соңында аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×