
"Манчестер Сити” клубы Премьер лигадағы 37-турда “Борнмутқа” қарсы ойнайды. Бұл кездесу Кевин Де Брюйненің "Этихад" стадионындағы соңғы матчы болмақ. Осыған байланысты клуб ресми түрде оның қоштасу рәсімі туралы мәлімдеме жасады.
"Манчестер Ситидің” ресми мәлімдемесі:
“Біз Кевин Де Брюйнеге деген алғысымызды барынша шынайы жеткізгіміз келеді. Жанкүйерлер ойын басталмас бұрын, "Colin Bell” трибунасы алдындағы Blue Carpet шарасына келіп, қатыса алады.
Ойын аяқталғаннан кейін, Кевинге арналған арнайы құрмет көрсету рәсімі өтеді. Біз жанкүйерлерді соңғы ысқырықтан кейін орындарында қалып, бұл тарихи сәттің куәсі болуға шақырамыз.
Құрмет көрсету рәсімінде команда басшылығы, қызметкерлері және ойыншылары алаңда сап түзеп, Кевинді қошеметпен қарсы алады. Кейін жанкүйерлер клубтың аңызға айналған жартылай қорғаушысынан соңғы рет сөз естиді. Оның клубтағы он жыл ішіндегі ең жарқын сәттері еске алынады.
Сөз соңында бүкіл команда маусым бойғы жанкүйерлердің қолдауы үшін алғыс айтып, “Этихад” стадионында дәстүрлі шеңбер жасап, қоштасады.”
Біздің серіктес: FONBET