
Футбол әлемінде Жозе Моуриньоның Португалия ұлттық құрамасын басқаруы мүмкін деген қауесеттерге байланысты, тәжірибелі маман мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Фенербахче" клубының бас бапкері ретінде ол өзінің адалдығын атап өтіп, Португалия футбол федерациясымен ешқандай келіссөздер жүргізбегенін мәлімдеді.
Моуриньо 2024 жылы "Фенербахче" клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған болатын. Соңғы уақытта оның Португалия құрамасын басқаруы мүмкін деген сыбыстар тарағанымен, ол бұл ақпараттарды нақты түрде жоққа шығарды.
Моуриньо:
“Мен Португалия футбол федерациясымен ешқандай кездесулер өткізбегенімді растаймын. Мен адал адаммын." – деді.
Ол сондай-ақ, басқа клубпен байланысқа шыққанда, бұл туралы "Фенербахче" клубын алдын ала хабардар еткенін айтты.
"Фенербахче” клубының президенті Али Коч та Моуриньоның адалдығын атап өтті. Оның айтуынша, Моуриньо маусым ортасында басқа клубтан 36 миллион еуро көлемінде ұсыныс алғанымен, оны қабылдамаған.
Қазіргі уақытта Португалия ұлттық құрамасын Роберто Мартинес басқарып отыр. Португалия футбол федерациясы да Моуриньомен келіссөздер жүргізілмегенін растады.
Біздің серіктес: FONBET