Атақты The Athletic басылымының инсайдері Дэвид Орнштейннің мәліметінше, "Ливерпуль" клубы "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық танытып жатқан жоқ.
33 жастағы Бельгиялық футболшы "Ливерпуль” ойыншыларының кейбірімен, соның ішінде айтқанда Вирджил ван Дейкпен жақын дос.
Осы достығына байланысты жанкүйерлер мен БАҚ-та Кевин “Мерсисайдтықтар” сапына ауысады деген сыбыстар шыққан болатын
Алайда Орнштейн бұл әңгімелердің нақты негізі жоқ екенін атап өтті. "Ливерпуль" онымен келісімге келуді жоспарлап отырған жоқ.
Италиялық инсайдер Джанлука Ди Марцио бұған дейін "Ливерпуль” Кевинге қызығушылық танытып отыр деп жазған.
Бірақ Орнштейн бұл ақпаратты растамай, клуб деңгейінде ешқандай нақты келіссөздер жүріп жатпағанын айтты.
Де Брюйненің "Ситимен" келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымында аяқталады.
Ресми ақпарат бойынша, келісімшарт ұзартылмайды, және Кевин маусым соңында клубтан кетеді.