Кездесулер тарихы(жалғасы)

16.12.2013, 19:41
Кездесулер тарихы(жалғасы)
Естеріңізде болса,  біз сіздердің назарларыңызға "A", "B", "C", "D" тобындағы құрамалардың өзара кездесулерін ұсынған болатынбыз, ал енді қалған 4 топтағы құрамаларға тоқталсақ. Сонымен:   "Е" тобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас. Швейцария - Эквадор. Бұл құрамалар өзара ешқашан жолықпаған. Франция - Гондурас. Бұл құрамаларда өзара ешқашан жолықпаған. Швейцария - Франция. 38 рет кездескен,12-ін Швейцария,17-ін Франция жеңген, 9 рет тең ойын болған, доп айырмасы 59-65. Эквадор - Гондурас. 12 рет жолыққан, 3-ін Оңт.Америка өкілі, 2-ін Сол.Америка өкілі жеңген,7 мәрте тең тарқасқан, доп айырмасы 13-12. Швейцария - Гондурас. 1 рет ғана жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасқан. Эквадор - Франция. 1 рет жолығып, 0-1 есебімен "үш басты әтештер" жеңген.   "F" тобы: Аргентина, Босния және Герцоговина, Нигерия, Иран. Аргентина - Босния. 2 рет жолыққан, екеуінде де Аргентиналықтар басым болған, доп айырмасы 7-0. Нигерия - Иран. 1 рет кездескен, 1-0 есебімен қара маржандар жеңген. Аргентина - Нигерия. 6 рет жолыққан, 4-ін Аргентина, 1-ін Нигерия жеңген, 1 мәрте тең ойнаған, доп айырмасы 8-6. Босния - Иран. 6 рет кездескен, 1-ін Босниялықтар, 4-ін Парсы шығанағындағылар жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 10-17. Аргентина - Иран. 1 рет жолығып, 1:1 есебімен тең ойнаған. Босния - Нигерия. Осы Әлем біріншілігін алғаш кездескелі отыр.   "G" тобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ. Германия - Португалия. 9 рет жолығып, 5-ін немістер, 1-ін ғана Португалдар жеңген, 3 рет тең ойнаған, доп аырмасы 14-10. Гана - АҚШ. 3 рет жолыққан, 3 інде де қара құрлық өкілдері жеңген,доп айырмасы 5-2. Германия - Гана. 2 рет жолығып, 2 індеде немістер басым болған, доп айырмасы 7-1. Португалия - АҚШ. 5 рет жолығып, 2 ін Португалия, 2 ін АҚШ құрамасы жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-5. Германия - АҚШ. 9 рет жолығып, 6 ын немістер, 3 ін АҚШ жеңген, доп айырмасы 21-15. Португалия - Гана. Ешқашан жолықпаған.   "Н" тобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея. Бельгия - Ресей. 3 рет кездесіп, 2 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-2. Алжир - Оңт.Корея. 3 рет кездесіп, барлығын Корейлер жеңген, доп айырмасы 2-8. Бельгия - Алжир. 2 рет жолығып, 1 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 3-1. Ресей - Оңт.Корея. 1 рет жолығып, 2:1 есебімен орыстар жеңген. Алжир - Ресей. Ешқашан жолықпаған. Бельгия - Оңт.Корея. 3 рет жолығып, 2 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-2.   ЖҰМАҒАЗИЕВ ҚҰРМЕТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×