ҚФФ президенті Қазақстан футболындағы келісілген матчтарға қатысты пікір білдірді

27.06.2025, 13:53

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров ел футболындағы келісілген матчтар тақырыбына қатысты ойын айтты.

ҚФФ президенті Қазақстан футболындағы келісілген матчтарға қатысты пікір білдірді

— Ермұхамед Мәуленнің қандай да бір мәлімдемесін естіген жоқпын. Бірақ бір нәрсені айта аламын. Ешқандай қысым болған жоқ. Ал келісілген матчтарға келсек, бұл мәселемен айналысатын «Sport Radar» деген халықаралық ұйым бар. Сол ұйымның статистикасына сәйкес, Қазақстан әлем бойынша келісілген матчтар саны жағынан төртінші орында тұр. ҚФФ бұл мәселе бойынша белсенді күрес жүргізіп жатыр. Ермұхамедтің сөзінде шындық бар. Қазіргі таңда федерация бұл мәселемен нақты айналысып жатыр, — деді федерация басшысы.

Осылайша, ҚФФ президенті алғаш рет ресми түрде Қазақстан футболында келісілген матчтар бар екенін мойындады. Сонымен қатар, федерация бұл жағдайды түзету үшін нақты шаралар қолданып жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 11
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×