«Елімайдың» жарқын жұлдызы командамен қош айтысты

27.06.2025, 12:29

Семейлік «Елімай» футбол клубы 30 жастағы Беларусь елінің жартылай қорғаушысы Никита Корзунмен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде хабарлады.

«Елімайдың» жарқын жұлдызы командамен қош айтысты

Келісім екі жақтың өзара келісімімен бұзылды.

Қазақстан Премьер-Лигасының биылғы маусымында Корзун 10 матчқа қатысып, 1 гол соққан. Жалпы «Елімай» сапында ол 40 ойын өткізіп, 9 гол мен 1 нәтижелі пас авторы атанды.

Клуб Никита Корзунға сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы спорттық жолында сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Никита өткен маусымда көрермендердің сүйікті футболшысына айнала білді. Дәл осы футболшының 2024 жылғы маусымында гол соққан ойындарында команда 5 жеңіс және 1 тең көрсеткіш тіркеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×