«Ұлытау» клубы жапониялық футболшыны алды

27.06.2025, 11:12

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Ұлытау" клубы трансферлік терезе ашылған сәттен белсенді әрекет жасап жатыр.

«Ұлытау» клубы жапониялық футболшыны алды

Клубтың Instagram әлеуметтік желісіндегі жазбасын ұсынамыз:

“Жапониялық жартылай қорғаушы Котаро Киси біздің клубпен 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды.

Ол бұған дейін Черногорияның “Mornar Bar” командасында ойнаған.

“Ұлытау” сапында Котаро 7-нөмірмен өнер көрсетеді.

Жаңа ойыншымызға алаңда сәтті қадам, керемет матчтар мен жарқын жеңістер тілейміз!”

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×