“Хан-Тәңірі” жалған УЕФА лицензиялары үшін жазаланды

Бүгін, 15:10

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және әдеп жөніндегі комитеті "Хан-Тәңірі"  клубындағы "С" санатындағы жалған УЕФА жаттықтырушылық лицензияларына қатысты іс бойынша ресми шешім шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Хан-Тәңірі” жалған УЕФА лицензиялары үшін жазаланды

Тексеріс қорытындысы бойынша келесідей жазалау шаралары қолданылды:

– Жаттықтырушылар жазаланды: Жастар командасының бапкерлері Асылжан Ермеков пен Айбек Сәкенұлы құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Екі маман да 18 айға футболдан шеттетіліп, әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

– Клуб менеджері шеттетілді: Клуб менеджерлерінің бірі жалған құжаттарды пайдаланғаны, сондай-ақ ҚФФ өкілдеріне тіл тигізіп, қоқан-лоқы көрсеткені үшін кінәлі деп танылды. Ол 12 айға футболдан шеттетіліп, 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

– Клубқа айыппұл салынды: "Хан-Тәңірі” клубының өзіне құқық бұзушылықтар үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл кесілді.

– Басшылыққа ескерту: Клубтың бас директоры Талғат Молдағалиевқа ресми түрде ескерту жасалды. Сондай-ақ, клубқа алдағы уақытта жаттықтырушылардың біліктілігін растау кезінде бақылауды барынша күшейту ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×