“Шахтер” әйелдер футболының базалық клубына айналуда

Бүгін, 16:59

Қарағандылық "Шахтер" тек ерлер футболында ғана емес, қыздар футболында да өз атын шығара бастады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Шахтер” әйелдер футболының базалық клубына айналуда

Клуб академиясының бірден 10 тәрбиеленушісі Қазақстанның 15 жасқа дейінгі қыздар құрамасына шақырту алды. Олар:

Владислава Балабаева, Злата Давиденко, Дарья Огнева, Анна Дизендорф, Камилла Ищанова, Кәусар Әскербай, Самира Амагельдыева, Ксения Валеева, Седа Мищенко және Мария Мамонтова.

Жас футболшылар қазірдің өзінде жарыс жолына шығып кетті. 

Халықаралық "Даму кубогы” турниріне дайындық және WU-15 құрамасын жасақтау мақсатында команда 21-30 маусым аралығында Шымкент қаласында өтіп жатқан "Балғын" республикалық турниріне қатысуда.

Соңғы жылдары "Шахтер" клубының академиясы үлкен серпіліс жасауда. Олар ерлермен қатар, әйелдер футболы үшін де сапалы кадрлар даярлауды жолға қойған.

Бірден 10 ойыншының Ұлттық құрамаға шақырылуы — Қарағандылық клубтың қос бағытты да жүйелі дамытып, отандық футболдың өркендеуіне зор үлес қосып отырғанының айқын дәлелі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×