ҚПЛ клубы Сингапурлық инвесторлардың бақылауына өтпек

Бүгін, 19:22

Талдықорғандық "Жетісу" клубы жақын арада қожайынын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ клубы Сингапурлық инвесторлардың бақылауына өтпек

Елдар Аманбаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта клубты жеке инвесторға беру алдындағы аудиторлық тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Талдықорған өңірінің басшылығы шетелдік инвесторлармен келіссөздерді бастап кеткен.

Жергілікті билік клубты сатып алуға қызығушылық танытып отырған Сингапурлық компаниялардың бірімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізген екен.

Егер бұл мәміле ресми түрде жүзеге асатын болса, бұл — Қазақстандық футбол тарихында клубтың толықтай шетелдік компанияның иелігіне өтуінің алғашқы жағдайы болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×