Ханси Флик Боруссия Дортмунд туралы пікір білдірді

08.04.2025, 18:30

Чемпиондар лигасының ширек финалында "Барселона" сәрсенбі күні өздеріне жақсы таныс Боруссия Дортмундпен ойнайды. Бұл командалар топтық кезеңде де кездескен болатын. Алайда енді Дортмунд тізгінін Нури Шахин емес, Нико Ковач ұстап отыр. 

Ханси Флик Боруссия Дортмунд туралы пікір білдірді

Флик үшін Ковач таныс тұлға. Ковач Баварияның бас бапкері болған кезде, Флик оны көмекшісі еді. Кейін Флик Ковачтың орнын басып, 2020 жылы команданы треблге жеткізген.

Флик:

“Бұл туралы көп ойландым. Никоны жақсы танимын, бұл маған көмектесе ме, жоқ па, білмеймін. Ол – мықты бапкер, керемет адам. Оны үлкен клубта қайтадан жұмыс істеп жүргенін көру мен үшін - қуаныш.

Дортмунд құрамында жарақат алған ойыншылар көп. Жақында негізгі орталық қорғаушысы Нико Шлоттербек те маусым соңына дейін қатардан шығып қалыпты. Әрине сондада олар өте мықты команда. Нико жақсы құрам шығара алады.

Біз қалай ойнайтынымызды нақты білеміз. Бәріне дайынбыз. Чемпиондар лигасында қалғымыз келеді."

Төрт ай бұрынғы кездесу 3:2 есебімен Барселона пайдасына аяқталған болатын. Бұл жолы Фликтің айтуынша, Дортмунд әлдеқайда мықты команда.

                                              Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×