Хулио Веласкес: “Қайрат” бүгін Софиядағыдан өзгеше көрінді”

Бүгін, 08:17

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Болгариялық "Левски" мен Алматылық "Қайрат" арасындағы қарымта кездесу өтті. Тартысты өткен матч 1:0 есебімен Болгарлық клубтың пайдасына аяқталып, "Левски" келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Хулио Веласкес: “Қайрат” бүгін Софиядағыдан өзгеше көрінді”

"Левски" бас бапкері Хулио Веласкес ойыннан кейін өз әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл өте қиын матч болды.

"Бүгін өте күрделі ойын болды. "Қайрат” Софиядағы кездесуге қарағанда мүлдем басқаша көрінді. Бұл қалыпты жағдай, өйткені оларға есепті теңестіру керек болды." - деді бапкер.

Веласкес өз командасының жеңісін лайықты деп санайтынын, бірақ ойын барысында кейбір қиындықтар туындағанын атап өтті. Әсіресе, бірінші таймның соңында кейбір жайттарды түзетуге тура келген. Екінші таймда Болгарлық ұжым допты қажетті сәттерде бақылауда ұстап, ойын тағдырын біржола шешетін тағы бір мүмкіндікке ие болған.

Бапкер бұл жеңістің команда үшін үлкен жетістік екенін айтты. Оның айтуынша, команда Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу арқылы таңғажайып нәтиже көрсетті.

"Бұл оңай болған жоқ, бізге көп нәрсені өзгертуге тура келді. Ойын алдында киім ауыстыратын бөлмеде біз бір-бірімізге ауа райының температурасы маңызды емес екенін айттық." - деп қосты Хулио Веласкес.

Айта кетерлігі, ойын алдында "Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қалыптасқан жағдай команданы белсендірек ойнауға мәжбүрлейтінін айтқан болатын. Өз кезегінде Веласкес Алматылық клубтың қаншалықты ашық футбол ойнайтынына күмәнмен қараған еді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Премьер лигасында "Қайрат" 20 ойыннан кейін 45 ұпаймен екінші орында тұр. Турнирлік кестенің көш басында 49 ұпаймен "Ордабасы” келеді, ал үздік үштікті "Астана" (38 ұпай) түйіндеп тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×