“Халл Сити” Дастан Сәтпаевты жалға алуға ниетті

Бүгін, 18:12

Ағылшын Премьер лигасының жаңа қатысушысы "Халл Сити" Лондондық "Челсидің" Дастан Сәтпаевты жалға алуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Халл Сити” Дастан Сәтпаевты жалға алуға ниетті

TheSportzine басылымының ақпаратына сүйенсек, “Халл Сити" 17 жастағы форвардты қатарға қосу үшін алғашқы қадамдарын жасап үлгерген.

Негізінен, "Челси” басшылығы Сәтпаевты тәжірибе жинақтау үшін Франциялық "Страсбур” клубына жіберуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жас футболшы "Челсидің” негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы дайындық жаттығуларына қатысып жатыр.

Айта кетейік, "Халл Сити” өткен маусымда Чемпионшиптің плей-офф кезеңінде жеңіске жетіп, Премьер лигаға жолдама алған еді. Енді олар жоғары дивизиондағы құрамын нығайту мақсатында Қазақстандық талантты ойыншыны өз саптарынан көргісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×