Кике Сетьеннің соңғы мүмкіндігі

30.06.2020, 21:20
«Барселона» «Атлетикомен» болатын матчта ұпай жоғалтатын болса, Сетьенді орнынан босатуы мүмкін
Кике Сетьеннің соңғы мүмкіндігі

«Барселона» алда болатын Испания чемпионатында «Атлетико» және «Вильярреалға» қарсы матчтарың бірінде ұпай жоғалтқан жағдайда бас жаттықтырушы Энрике Сетьен орнынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, маманның орнынан кетуі бүгін, 30 маусымда өтетін «Атлетико» командасымен тең нәтиже болған жағдайда да орын алуы мүмкін. Егер Сетьен жұмыстан қуылса, «Барселона В» жаттықтырушысы Хавьер Гарсиа Пимента маусым соңына дейін команданы жаттықтыратын болады. Бұдан бұрын «Барселона» ойыншылары мен Кике Сетьен арасында 32-ші тур матчы аяқталғаннан кейін («Селтаға» қарсы 2:2). жанжал туындағаны туралы хабарланған болатын. Футболшылар бапкерді кейбір тактикалық шешімдері үшін сөгіп тастады. Ойыншылар бапкердің кейбір жұмыс әдістерімен келіспейді. Олар ештеңе өзгермесе, сәттілікке жете алмайтынына сенеді.

32 турда 69 ұпай жинаған «Барселона» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×