Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасының рекордын орнатты

09.01.2021, 03:53
Мбаппенің бұл рекордын Эрлинг Холанд бұзуы мүмкін.
Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасының рекордын орнатты

"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Килиан Мбаппе жас футболшылар арасында рекорд орнатты.

OptaJoe порталының хабарлауынша, желтоқсан айында 22 жасқа толған француз шабуылшысы УЕФА Чемпиондар лигасында 21 гол соққан. Турнир тарихында 22 жасқа толмаған бірде-бір футболшы мұндай көп гол соқпаған. 22 жасына дейін "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси 17 гол соқса, 20 жастағы "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд 16 гол, "Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема 13 гол және мадридтік клубтың бұрынғы шабуылшысы Рауль мен "Барселонаның" экс-шабуылшысы Хавьер Савиола 11 голдан соққан.

Мбаппе ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Монакодан" ауысып келді. Шабуылшы Франция чемпионатының осы маусымында 14 матчқа қатысып 12 гол соқты, 4 нәтижелі пасы тағы бар. Ал Чемпиондар лигасында 5 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×