Маттейс де Лигт коронавирус жұқтырды

09.01.2021, 06:15
Тәжвирусы қайта күшіне енгендей...
Маттейс де Лигт коронавирус жұқтырды

Туриндік “Ювентустың” қорғаушысы Маттейс де Лигттің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтижені көрсетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

21 жасар қорғаушы талаптарға сәйкес карантиндік оқшаулауға жіберілді. Осыған дейін Де Лигттен бөлек “кәрі синьораның” тағы екі ойыншысы Хуан Куадрадо мен Алекс Сандроның вирус жұқтырғаны хабарланған еді.

”Ювентус” Италия чемпионатында 15 ойын өткізіп, 30 ұпай еншілеп, төртінші орында келеді. Ал де Лигт ағымдағы маусымда тоғыз ойынға қатысып, нәтижелілігімен көзге түспеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×