Беннасер – Мағриб өңірінің 2020 жылдағы үздік ойыншысы. Ол Зиеш пен Марезді қапы қалдырды

09.01.2021, 06:34
Беннасердің алғашқы жүлдесі.
Беннасер – Мағриб өңірінің 2020 жылдағы үздік ойыншысы. Ол Зиеш пен Марезді қапы қалдырды

“Миланның” жартылай қорғаушысы Исмаэль Беннасер France Football журналы оқырмандарының дауыс беру қорытындысы бойынша 2020 жылдағы Мағриб өңірінің ең үздік ойыншысы атанды.

Алжирлік ойыншы дауыс беруде лондондық “Челсидің” жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш пен “Манчестер Ситидің” хавбегі, отандасы және бұл жүлденің 2019 жылғы жеңімпазы Рияд Марезді артқа қалдырды.

Мағриб өңіріне Солтүстік Африканың Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко һәм Тунис елдері кіреді.

Беннасер ағымдағы маусымда “Милан” сапында барлық турнирлерде 17 ойынға қатысып, төрт нәтижелі пас берген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×