“Бавария” соңғы үш айда алғашқы рет жеңілді

09.01.2021, 08:35
Мюнхендіктердің жеңіліссіз сериясы үзілді.
“Бавария” соңғы үш айда алғашқы рет жеңілді

Бундеслиганың 15-тур аясындағы ойында менхенгладбахтық “Боруссия” өз алаңында мюнхендік “Баварияны” жеңді.

“Неміс мәшинесі” 0:2 есебімен алда келе жатып, жеңісті уысынан шығарып алды. “Бавария” сапынан Левандовски (20’П) мен Горетцка (26’) көзге түссе, “Боруссиядан” Хофманн (36’, 45’) дубль авторы атанып, Нойхаус (49’)жеңісті голды соқты.

Осылайша Ханс Флик шәкірттері соңғы үш айда алғашқы рет жеңіліп, 20 матчқа созылған жеңіліссіз сериясына нүкте қойды. Барлық турнирлерде 20 ойын өткізіп, 16 кездесуде жеңіп, төртеуі тең нәтижемен аяқталған еді. Сонымен қатар соңғы 54 ойында тек екінші рет жеңілді.

“Бавария” “Боруссия-Паркта” жеңілгенмен, 15 турдан кейін 33 ұпай еншілеп, көш басында келеді. Ал “Боруссия” 24 ұпаймен жетінші орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×