«Бавария» қыста бірде-бір ойыншы сатып алмайды

09.01.2021, 16:41
«Бавария» кеше «Боруссиядан» жеңіліп қалды (3:2).
«Бавария» қыста бірде-бір ойыншы сатып алмайды

"Баварияның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик клуб қыста трансферге ақша жұмсамайтынын растады. Бұған дейін клубтың басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге де "Баварияның" үлкен шығындардан бас тартатынын айтқан еді. Сонымен бірге Румменигге үнемдеу режимі жазда күшіне енетінін айтты.

"Бұл туралы ашық айтуға рұқсат етіңіз: қазіргі жағдай әлемдегі барлық клубтарға әсер етеді. Бірақ мен бір нәрсені нақты айтқым келеді: клуб басшылығынан жаңа ойыншылар сатып алуды сұрамаймын. Мен "Баварияның" қазіргі жағдайын жақсы түсінемін. Біздің қазіргі құрамымыз маусым соңына дейін өзгеріссіз қалады", - деп келтіреді Goal басылымы Фликтің сөздерін.

Айта кетейік, "Бавария" 33 ұпаймен Бундеслиганың турнир кестесінде көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×