«Атлетико» мен «Атлетик Бильбао» арасындағы кездесу кейінге қалдырылды

09.01.2021, 16:52
«Атлетик» клубының ұшағы Мадридтегі әуежайға қона алмады.
«Атлетико» мен «Атлетик Бильбао» арасындағы кездесу кейінге қалдырылды

"Атлетиктің" футболшылары мен бапкерлер құрамы Испания чемпионатының 18-туры аясында "Атлетикомен" болатын матчқа қатысу үшін Мадридке ұшып бара алмады.

Испаниялық журналист Ушуе Кабальероның мәліметі бойынша, клубтың ұшағы қалың қар мен ұшу-қону жолақтарының мұз қатуы салдарынан Испания астанасына қона алмады. Әуежайдың үстінде бірнеше айналым жасаған "Атлетик" клубының ұшағы Бильбаоға оралды. "Атлетико" - "Атлетик Бильбао" матчы бүгін, 9 қаңтарға жоспарланған еді.

Бұған дейін "Реал Мадрид" клубы да "Осасунамен" болатын кездесуге бара алмаған болатын. Мадридте ауа-райына байланысты үлкен кептелістер пайда болып, бірнеше рейстер тоқтатылды. Болжам бойынша, бұл ауа-райы ертеңге дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×