Килиан Мбаппе өзін жұлдызға теңеді

24.08.2021, 22:40
Мбаппе командадағы барлық футболшылармен дос болудың қажеті жоқ дейді.
Килиан Мбаппе өзін жұлдызға теңеді

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе өзінің танымалдығы және командаластарымен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді.

«Мен өзімді жұлдыз санаймын ба? Иә. Егер адамның бет-бейнесі бүкіл қалада және бүкіл әлемде кездессе, оны жұлдыз деп есептеуге болады. Жұлдыз болу - бұл мәртебе, бірақ ол мені басқалардан жақсы етпейді.

Жоғары деңгейдегі футболда сізге ешкім жеңілдік жасамайды немесе сіздің неге қабілетті екеніңізді айтпайды. Сіз кім екеніңізді өзіңіз шешуге тиіссіз. Өзіңізді жақсы жағынан дәлелдеу үшін өзіңізге «мен үздікпін» деп айтуыңыз керек.

Футбол клубында бәрімен дос болу міндетті емес. Бірге жеңу үшін командаластарыңызбен әр күн сайын кешкі ас ішудің қажеті жоқ», - деді Мбаппе Esquire басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×