Майкл Антонио «Вест Хэм Юнайтедтің» Премьер-лигадағы үздік сұрмергені атанды

24.08.2021, 23:02
Футболшы бұл жетістігін ерекше атап өтті
Майкл Антонио «Вест Хэм Юнайтедтің» Премьер-лигадағы үздік сұрмергені атанды

«Вест Хэм» Англия Премьер-лигасының екінші турында «Лестерді» 4:1 есебімен ұтты.

«Вест Хэм» шабуылшысы Майкл Антонио бұл ойында дубль жасады. 31 жастағы англиялық футболшы Премьер-лигадағы 49-голын соғып, команданың бұрынғы футболшысы Паоло ди Канионың (48 гол) рекордын жаңартты. Антонио бұл жетістігін өзі бейнеленген суретті басынан жоғары көтеру арқылы атап өтті.

Антонио «Вест Хэм» сапында 2015 жылдың жазынан бері ойнайды. Барлық турнирлерде 51 гол соққан Майкл клубтың үздік сұрмергендері тізімінде төртінші орында тұр. Шабуылшы осы маусымда 2 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×