Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ешқандай жағдайда ПСЖ клубымен келісім-шартты ұзартпайды, деп хабарлайды AS.com. Дереккөздің айтуынша, шабуылшыға ПСЖ-ның қандай жалақы ұсынатыны маңызды емес.
«Мбаппе соңғы шешімді қабылдады. Ақша оған мүлдем әсер етпеуі мүмкін. Ол әлемнің барлық ақшасын ұсынса да келісім-шартты ұзартпайды. Ол бәрін шешіп қойған. Ол Мадридте жетістікке жеткісі келеді.
Килиан 30 маусымға дейін күтуді қалайды. Сонда оның арманы орындалады», - деп хабарлайды дереккөз.
Бұған дейін ПСЖ-ның бас бапкері Маурисио Почеттино шабуылшыны командада қалдыру үшін ресурстардың жеткілікті екенін хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET